Түрік Қарулы Күштері операция жайлы мәлімдеме жасады

Мәлімдемеде рухани құндылығы жоғары аманаттың артта қалдырылмағаны атап көрсетілді.

227488
Түрік Қарулы Күштері операция жайлы мәлімдеме жасады

Түрік қарулы күштері Сүлейман Шах кесенесі және әскери гарнизонға жасалған операцияның артынан тұңғыш ресми мәлімдемесін жасады.
Түрік Қарулы күштерінің ресми интернет парақшасынан жасалған мәлімдемеге қарағанда «Халықаралық келісімдермен түріктің топырағы болып қабылданған Сүлейман Шах кесенесі және гарнизонындағы рухани құндылығы жоғары ата-бабалардан қалған аманаттар мен Сириядағы қауіпсіздік мәселелері мен әскери қажеттіліктер себепті құқымызды қорғау үшін уақытша тағы Сирия жеріндегі Эшме ауылына көшіру үшін әкелінді» делінді.
Құндылығы жоғары аманаттың артта қалдырылмағаны атап көрсетілген мәлімдемеде «Сирия Эшме ауылында мәйіт апарылатын аймақ әскери күштеріміз тарапынан бақылауға алынып, байрағымыз тігілді» делінді.
Мәлімдемеде сондай-ақ «‘Шах Евфрат’ операциясы барысында кезкелген бір қақтығыс болмады, Сирияға бара жатқан кезде бір қызметкеріміз аварияға түсіп шәйіт болды» делінді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар