Түрік ұшағы Амманда қалып қойды

Қалың қар салдарынан көтеріле алмаған ұшақта министр де бар.

224604
Түрік ұшағы Амманда қалып қойды

Амман-Стамбул рейсіндегі Түрік әуе жолдарының бір жолаушы ұшағы нашар ауа райы себебімен Иорданияның ел ордасы Амманда қалды.


Жолаушылар арасында Білім беру министрі Наби Авджы да бар. Ұшақ қалың қар және жолды тазалайтын техникалық экипаж жетіспеушілігінен Амман шыға алмай отыр.


Түрік әуе жолдары Иорданиялық өкілетті органдардан жауап күтіп отыр.


Жолаушылардың сыртқа шығуына рұқсат берілмей отыр. Электр қуаты да үзіліп, ұшақта жылыту жүйесі де жасамайды деген хабар келді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар