Түркия мен АҚШ келісті

Пентагон шамамен мың әскерін Түркия, Сауд Арабия және Катарға жолдайды.

221604
Түркия мен АҚШ келісті

Түркия мен АҚШ келісті.


Екі ел сириялық оппозиционерлердің жаттықтырылуы және қару-жарақ көмегі тақырыбында принципте келісті.


Осылайша Анкара мен Вашингтон арасында бірнеше айдан бері жалғасып келе жатқан келіссөз болымды нәтижеленді.


Бұл туралы Америка Құрама Штаттарының Сыртқы істер министрлігі баспасөз хатшысы Джен Саки мәлім етті.


Осы келісімге сай, Пентагон шамамен мың әскерін Түркия, Сауд Арабия және Катарға жолдайды.


Америка әскерлері логистикалық, коммуникация және барлау тақырыбында Сирия оппозициясын дайындықтан өткізеді. «Жаттықтыру, жабдықтау» бағдарламасы наурыз айында жүзеге асырыла бастайды.


Осылайша жылдың аяғына дейін сириялық оппозиционерлердің операцияларға дайын болуы көзделіп отыр.


Бағдарламаның алғашқы жылында бес мыңнан астам оппозиционер жауынгерге дайындық беріледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар