Ердоған Обамаға үндеу тастады

Ердоған «Обама қайдасың» деді.

217687
Ердоған Обамаға үндеу тастады

Ердоған үш мұсылманның өлтірілуіне байланысты наразылығын жалғастырды.
Президент Режеп Тайып Ердоған АҚШ президенті Барак Обамаға үш мұсылманның өлтірілуімен байланысты мәлімдеме жасамауына орай наразылық көрсетті.
Президент «Үш жас үйінде өлтірілді. Мемлекет президенті бұл жөнінде мәлімдеме жасамады. Қайдасың президент?» деді.
Президент Ердоған кеше Латын Америка сапарының соңғы аялдамасы болған Мексикада бірқатар кездесу өткізді.
Ердоған алдымен Ұлттық отан ескерткішіне гүл шоқ қойды. Одан кейін Мексика президенті Енрике Пенья Ньето тарапынан салтанатты түрде қарсы алынды.
Оңаша және делегациялар арасы кездесуден кейін екі ел арасындағы ынтымақтастық келісімдеріне қол қойды.
Президент Ердоғанның АҚШ-тың Каролина провинциясында үш мұсылманның өлтірілуімен байланысты қатал мәлімдемесі баспасөзде жаңғырық жаратты.
Президент АҚШ президенті Обамаға үндеу тастап, «Үш жас үйінде өлтірілді. Мемлекет президенті бұл жөнінде мәлімдеме жасамады. Қайдасың президенті?» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар