Ердоған Куба сапарын аяқтады

Түркия Кубаға бір мешіт салады.

216885
Ердоған Куба сапарын аяқтады

Кубаға зиярат жасаған алғашқы Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған Түркияның Кубада бір мешіт салуды жоспарлағанын жариялады.
Ердоған бағдарламасын алдымен астана Гаванадағы Марти Хосе Хулианның ескерткішіне гүл шоғын қойып бастады. Президент одан кейін Куба президенті Рауль Кастро тарапынан мемлекеттік президенттік сарайында рәсіммен қарсы алынды.
Ердоған одан кейін Гаванадағы Мұстафа Кемал Ататүріктің мүсінін зиярат етті және осы жерге гүл шоғын қойды.
Президент Армия алаңы мен Гавана қала мұражайын да зиярат етті.
Бұл жерде мәлімдеме жасаған Ердоған Кубаға салғысы келген мешіттің Түркияның дәстүрлі сәулетін бейнелейтін бір жоба болатынын білдірді.
Ердоған сонымен қатар Түрік әуе жолдарының жаңа рейс түйіндерінің белгілеуінде аймақ елдердің маңызына назар аударғанын атап өтті.
Ердоған Латын Америка турының соңғы аялдамасы Мексикадағы ресми сапарларын болса бүгін бастайды.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар