"Шешім үдерісі" жиналысы Давутоғлу басшылығында өтті

Жиналысқа Ұлттық Барлау Ұйымы кеңесшісі Хакан Фидан соңғы рет қатысты.

216390
"Шешім үдерісі" жиналысы Давутоғлу басшылығында өтті

Кеше премьер-министрлікте өткен жиналыста шешім үдерісінде соңғы жетістіктер мен жол картасы қолға алынды.
Ұлттық барлау ұйымы кеңесшісі Хакан Фидан соңғы рет қатысқан жиналыста тиісті вице-премьерлерге қоса, Ішкі істер, Әділет және Ұлттық Қорғаныс министрлері, премьер-министрлік, Мекемелік қауіпсіздік және Сыртқы істер министрлігі кеңесшілері орын алды.
Басқа жағынан депутаттыққа үміткер болғаны себепті отставкаға кеткен Ұлттық Қауіпсіздік Ұйымы кеңесшілігіне Фиданның орнына кеңесші орынбасары Исмаил Хаккы Муса уәкілдік жасайды.
Ұлттық Барлау Ұйымының жаңа кеңесшісі премьер-министр тарапынан белгіленген соң президент Ердоғанға ұсынылады. Кейін Ұлттық Қауіпсіздік Кеңесінде талқыланып, заңнама енгізілген соң жаңа кеңесші тағайындалады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар