Германияда түрік балаларын «неміс» деп тіркеп жатыр

Жастар департаментіне «неміс» деп тіркелген балалар түрік текті қамқор жанұяларға берілмейді.

216249
Германияда түрік балаларын «неміс» деп тіркеп жатыр

Германияда түрік балаларын «неміс» деп тіркеп жатыр.


Жастар департаментіне «неміс» деп тіркелген балалар түрік текті қамқор жанұяларға берілмейді.


Кельндегі бас консулдықта жиналыс өткізіліп, балаларын Жастар департаменті алып қойған отбасылар проблемаларын түсіндірді.


Кейбір түрік отбасылар да қамқор жанұя ретінде тіркелгендеріне қарамастан, «түрік балалары жоқ» деген сылтаумен өздеріне бала берілмейтінін айтып жеткізді.


«Үміт жұлдызы» қоғамының төрағасы Камил Алтай «Бұл үшін 16 уәлаяттың парламенттері мен федералдық парламентке арыз бердік. Қысқа уақытта балаларымыз өз ұлттық куәліктеріне ие болып, түрік қамқор отбасыларда өседі деп сенеміз. Себебі БҰҰ-ның балалар құқығы келісімі де, Неміс атазаңы да мигрант балаларының өз құндылықтарын сақтап қалуды міндет деп есептейді» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар