Шетелдіктерге жұмыс мүмкіндігі

«Шетелдіктерді жұмысқа орналастыру заң жобасы» мәжіліске ұсынылды.

215408
Шетелдіктерге жұмыс мүмкіндігі

«Шетелдіктерді жұмысқа орналастыру заң жобасы» мәжіліске ұсынылды.


Жобаны еңбек және әлеуметтік қауіпсіздік министрлігі дайындады. Аталмыш заң жобасы Түркияда шетелдік азаматтардың жұмыс істеуін реттейді.


Жобаға қарағанда, Еңбек және әлеуметтік қауіпсіздік министрлігі құрамында «Шетелдіктерді жұмысқа орналастыру бас дирекциясы» және Шетелдіктер жұмысқа орналастыру саясаты кеңесі қалыптастырылады.


Заң жобасы қабылданғаннан кейін Түркия тарап болған келісім-шарт немесе халықаралық келісімдерде жұмыс істеу лицензиясысыз жұмыс істей алатыны анықталған шетелдіктерге осы құқықтары беріледі.


Түркияда ұзын мерзімді тұру рұқсаты немесе кемінде сегіз жыл жұмыс істеу рұқсаты бар шетелдіктер болса мерзімсіз жұмыс рұқсатын алу үшін өтініш бере алады.


Жұмыс істеу рұқсатынсыз жұмыс істеп жүргендері анықталған шетел азаматтары болса депорт етіледі.


Осы жоба шетелдік медицина қызметкерлерінің де Түркияда жұмыс істеуіне мүмкіндік береді. Осыған орай шетелдік дәрігерлерді жұмысқа орналастыру және тағайындау қағидаларын Денсаулықты сақтау министрлігі айқындайды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар