«Түркияның Сомалиге жасаған қызметтері жалғасады»

Президент Режеп Таип Ердоған Африка турын аяқтап елге оралды.

197043
«Түркияның Сомалиге жасаған қызметтері жалғасады»

Ердоған Могадишо әуежайында Сомали елбасы Хасан Шейх Махмуд тарапынан қарсы алынды.
Қарсы алу рәсімнің артынан Ердоған бір түрік фирмасы тарапынан Могадишо әуежайының жаңа терминал ғимаратының ашылуына қатысты.
Ердоған кейін Түркияның қолдауымен салынған Сомали-Түркия Оқу және зерттеу ауруханасын ресми түрде ашты.
Сомали елбасы Хасан Шейх Махмудпен жеке кездескен Ердоған Түркияның жасаған қызметтердің жалғасатынын атап көрсетті.
Сомали сапарында президент Ердоғанға мемлекеттік орден берілді.
Түркия мен Сомали арасында теңіз, қатынас, өнеркәсіп, спорт және денсаулық сақтау салаларында инвестициялық келісімдерге қол қойылды.
Ердоған Сомалидегі байланыстардың артынан кеше кешкі уақытта елге оралды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар