Ердоған Джибутиде

Президент Джибути мемлекет басшысымен кездесті.

196012
Ердоған Джибутиде

Президент Ердоған Джибутиге барды. 

Түркия президенті Сауд Арабиясы королі Абдулуллахтың жаназасынан кейін Африка сапарының екінші аялдамасы Джибутиге барды. 

Ердоғанды Джибути әуежайында Джибути мемлекет басшысы Исмаил Өмер Гелле және басқа да өкілеттілер қарсы алды.  Ердоған мен Гелле оңаша бас қосты. 

Президент Ердоғанмен бірге вице-премьер Нуман Куртулмуш пен Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу да Джибутиге келді. 

Сауд Арабиясы королі Абдуллахтың жаназасына қатысу мақсатымен Сомали сапарын кешіктіріп Риадқа барған президент Ердоған Джибутидегі кездесулерінен кейін жексенбі күні Сомалиге барады. 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар