Давутоғлұның Давос сапары

Давутоғлұ сессияда баяндама жасады.

194318
Давутоғлұның Давос сапары

2009 жылынан осы таңға дейін Давосқа Түркиядан алғаш премьер-министр ретінде Ахмет Давутоғлұ барды. Давутоғлұ кеше бағдарламасын «Түркияның Үлкен 20-дағы орны» атты арнайы сессиядағы баяндамасымен бастады.
Давутоғлұ баяндамасында Түркияның «Үлкен 20» тобы кезекті төрағалығы кезінде көңіл бөлетін басты тақырыптарды түсіндірді.
«Үлкен 20» данышпандар кеңесі құрылуы керектігін білдірген Давутоғлұ Форумды кең көлемді бір жүйеге айналдырып, дамымаған елдердің мәселесіне шешім табу қажеттігін айтты.
Ахмет Давутоғлұ Түркияның кезекті төрағалығында экономика, әлеуметтік және саяси салаларды бірге талқылап, түбегейлі шешім табуды мақсат ететінін атап өтті.
Түркияның аймақ ішінде бір үлгі ел екенін баяндаған Давутоғлұ террор және барлық ұшқары тақырыбында бірге әрекет жасау жөнінде үндеу тастады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар