Қызылай 500 христиан отбасына жәрдем берді.

Қызылай Эрбильде қиын жағдайда өмір сүрген 500 христиан отбасына азық-түлік пакеттерін жіберді.

164101
Қызылай 500 христиан отбасына жәрдем берді.

Қызылай тобы азық-түлік пакеттерін Saint Joseph шіркеуі басшысына тапсырып берді.
Түрік Қызылайы Бас директор орынбасары Минтез Шимшек жәрдемдерді тапсырып беру барысында жасаған мәлімдемесінде Иракта соғыс басталғаннан бері қиын жағдайға душар болғандарға «нәсіліне, тіліне, дініне» қарамай жәрдем бергендерін айтты.
Христиан босқындарына төртінші мәрте қол ұшын бергендерін баяндаған Шимшек «Бұл жерде ешкім жәрдемге мұқтаж қалмауын және ең қысқа уақыт ішінде былықпаның аяқталауын және адамдар қалыпты тұрмыс өткізуін тілейміз» деді.
Шіркеу жауаптысы Салим Сака да жәрдемдерге орай Түрік Қызылайына алғыс айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар