Давутоғлу Македония сапары алдында баспасөзге мәлімдеме жасады

Давутоғлу Македониямен қарым-қатынастарды бағаландырды.

157071
Давутоғлу Македония сапары алдында баспасөзге мәлімдеме жасады

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Македония сапары алдында Анкара Эсенбоға әуежайында ұйымдастырған баспасөз жиналысында Түркия – Македония қарым-қатынастарын бағаландырды.
Түркияның Македонияның тәуелсіздік алуының артынан өкілетті елші жіберген тұңғыш мемлекет екенін еске салған Давутоғлу Македонияны таныған алғаш мемлекеттер қатарында екенін айтты.
Македониямен тарихи ынтымақтастықты жалғастыратындарын атап айтқан Давутоғлу «Македонияның Балкандағы саяси теңдіктер мен өзгерістерге әсері аса маңызды және стратегиялық бір орны бар» деді.
Македонияда тұрақтылық болмаған кезде Балканда да тұрақтылықтың қамтамасыз етіле алмайтынын атап көрсеткен Давутоғлу «Біз әрқашан Македонияның шекара тұтастығына және Македониядағы барлық бауырлас ел халықтарының, бауырлас тайпалардың, тектес қоғамдардың бір шаңырақ астында мәдени тұтастықтарын сақтап, тұрмыстарын жалғастыруына үлес қостық» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар