Анадолы партиясының саяси өмірі басталды

Анадолы партиясы құрылтайшыларының алғашқы құрылтайы өтті.

210058
Анадолы партиясының саяси өмірі басталды

2014 жылы 14 қараша күні құрылған Анадолы партиясы алғашқы құрылтайын өткізді.
Конгресте 44 дауыс жинаған Эмине Үлкер Тархан партияның төрайымы болып сайланды.
Анадолы партиясы төрайымы Тархан «мақсатымыз билікке келу» деді.
Тархан құрылтайда партия делегаттарына үн қатып «Мемлекеттік мектептерді күшейтеміз, жастарды жұмыспен қамтамасыз етіп, оқу және мәдениет жобаларымызды жүзеге асырамыз. Біз қоршаған ортаға ыңғайлы энергия резервтеріне мән береміз. Жел, күн және қалдықтардан энергия өндіру тақырыбына арнайы көңіл бөлеміз» деді.
Эмине Үлкер Тархан сауалнамаларда Анадолы партиясының дауыс мөлшерінің 8 пайызға көтерілуіне де тоқталып «Құрылған кезде мәжіліске кіру мәселесі болмайтынына сенімді едік. Бастапқыда мөлшер осы, біз одан да көп дауыс жинауды күтеміз» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар