Давутоғлу: Энергия қару сияқты қолданылмауға тиісті

5-ші Атлант мемлекеттері кеңесі Энергия және экономика саммиті Стамбұлда өтті.

202073
Давутоғлу: Энергия қару сияқты қолданылмауға тиісті

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Кипр Понти әкімшілігінің энергия саясатын сынға алып «Мен энергияны қолға түсіретінімді қарсыласыма көрсетейін деген көзқарас болғанда, бұл Кипр келіссөздеріне үлкен соққы болады» деді.
Стамбұлда АҚШ президентінің орынбасары Джо Байден де қатысқан 5-ші Атлант мемлекеттері кеңесі Энергия және Экономика саммитінің жабылу отырысында энергияның қару ретінде қолданылмау керектігі ортаға шықты.
Давутоғлу «Кипр түріктерінің де хақы болған энергия көздерін понтилер бір жақты әлем нарығына ұсынғысы келсе, бізде бірдей жерде Кипр түріктерімен келісім жасап, сол жерде бірдей құқымызды қолданармыз» деді.
Ирактағы байланыстары жайлы сөз қозғаған Давутоғлу «Ешкім бізге осыншама үлкен бір экономикалық күш арасында ‘Сіз Анкарада отырыңдар, Ирактағы энергия резервтері құрысын, келіспеңдер. Өз араларындағы келісімсіздік тағы 50 жылға жалғассын’ дей алмайды» деді.
Премьер-министр Давутоғлу энергия арқылы Арменияға да жолдама жасады.
Түркия, Әзірбайжан және Грузияда бейбітшілік пен тыныштық жобасы ретінде Баку-Тбилиси-Джейхан табиғи газ желісі күшейіп отырғанда Арменияның барлық осы экономикалық белсенділіктен сыртта қалғанын атап көрсеткен Давутоғлу «Өйткені Армения табан тіреп, қырсықтық жасап, Әзірбайжан жерінің 20 пайызын басқыншылықпен ұстайды. Тез арада бейбітшілік жасайық» деді.
Түркияның энергия коридоры үшін аса маңызды екенін атап көрсеткен Байден болса энергияның бір қару ретінде қолданылуына қарсы екендерін білдірді.
АҚШ президентінің орынбасары Джо Байден Украинадағы табиғи газ дағдарысына назар аударып, Еуроодақ мемлекеттеріне резервтерін түрлендіруге шақырды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар