Премьер-министр Давутоғлу ТРТ-ге қонақ болды

Давутоғлу Үлкен 20 саммитінде экономикалық әлсіздіктің маңызды тақырып ретінде қолға алынғанын атап айтты.

198894
Премьер-министр Давутоғлу ТРТ-ге қонақ болды

Премьер-министр Давутоғлу Үлкен 20 саммитінде әлемдегі экономикалық әлсіздіктің маңызды тақырып ретінде қолға алынғанын атап айтты.


ТРТ-ге қонақ болған Давутоғлу Еуроодақтың Кеден Одағына мүше емес мемлекеттермен сауда келісімі жасауына қарсы шыққанын, мұны Үлкен 20 саммитінде тілге тиек еткенін жеткізді.
Премьер-министр Еуроодақтың бір жақты келісім-шарттарға отырғанын және Түркия болымсыз әсер еткенін атап көрсетті.
Әлемде экономикалық әлсіздік сөз болып жатқан бір кезеңде Түркияның жылдам өскенін атап көрсеткен Давутоғлу мұның саяси тұрақтылықтың арқасында жүзеге асқанын айтты.
Премьер-министр Давутоғлуның күн тәртібінде террорды жою үшін жүргізілген шешім үдерісі де орын алды.
Давутоғлу «Шешім үдерісін табысқа жеткізуге табандымыз» десе, қоғамдық тәртіп қамтамасыз етілмеген бір ортада шешім үдерісінің жалғаспайтынын да атап көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар