Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Иракқа барады

Премьер-министрдің күн тәртібінде ISIS пен Халықаралық террор бар.

195487
Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Иракқа барады

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Ирак премьер-министрі Хайдар әл-Ибадидің шақыруымен 20-21 қараша күндерінде Иракқа ресми сапар ұйымдастырады.


Сапарда екі жақты қарым-қатынастар, энергия және энергия қауіпсіздігі тақырыптары қолға алынады.
Давутоғлуның күн тәртібінде ISIS-тен бастап халықаралық террормен күрес тақырыптары да маңызды орын алады.
Премьер-министр Давутоғлу сапары аясында премьер-министр Хайдар әл-Ибади, Ирак елбасы Фуад Масум және Ирак Мәжіліс төрағасы Селим әл-Джебуримен де кездесуді жоспарлайды.
Давутоғлу сапарында түрікмен депутаттармен де бөлек кездесетін болады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар