Нуман Куртулмуш Рабаттағы жиналысқа қатысты

Нуман Куртулмуш «Месжид-и Акса мұсылмандардың рухани қорғаны» деді.

188565
Нуман Куртулмуш Рабаттағы жиналысқа қатысты

Ислам ынтымақтастық ұйымы Иерусалим байланыс тобының Рабаттағы жиналысына қатысқан Куртулмуш Иерусалим мен Месжид-и Аксаны қорғау үшін Стамбул орталық болған «Халықаралық Иерусалим Қоры» құрылуын ұсынды.
Бас министр орынбасары Нуман Куртулмуш Рабаттағы жиналысқа Түркия атынан қатысты.
Куртулмуш жиналыста жасаған баяндамасында Харем-и Шерифтің алғаш мәрте мұсылмандарға жабылуының сенім және ғибадат еркіндігіне қайшы бір әрекет екенін айтты.
Ислам ынтымақтастық ұйымы Иерусалим байланыс тобы жиналысының Иерусалим мен Харем-и Шерифке бағытталған шабуылдарға қарсы үндеу тастау тұрғысынан өте маңызды екенін білдірді.
Куртулмуш Қауіпсіздік кеңесінің Палестинаның Біріккен Ұлттар Ұйымында толық мүшелік мәртебесіне ие болуы тақырыбында ат тонын ала қашуының орынсыз бір әрекет екенін айтты.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар