"Біз үшін Асад пен ISIS-тің зұлымдығы бірдей"

Премьер-министр Давутоғлу аймақтық мәселелерді бағаландырды.

187625
"Біз үшін Асад пен ISIS-тің зұлымдығы бірдей"

Премьер-министр Ахмет Давутоғлу Кобани үшін көрсетілген тұрақтылықты Халеп үшін де ортаға қою керектігін атап айтты.


Давутоғлу «Сирияда бір аптадан бері Асадтың жойғыш ұшақтары Халепті бомбалап жатыр, Халепте үлкен қырғын жасалуда» деді.
Давутоғлу Халепті бомбалаған және жазықсыз адамдарды қырған Асадтың ең болмағанда Кобаниді бомбалаған ISIS шақты залым екенін атап көрсетті.
Мәжілістегі партиясының кезекті жиналысында сөз алған премьер-министр Сирияда Асадтың зұлымдығына қарсы шыққандай Кобанидегі ISIS зұлымдығына да қарсы екендерін, осы тақырыпта әртүрлі қолдауды бергендерін атап айтты.
Аймақтағы саяси тұрақсыздықтар ішінде маңызды қиыншылықтармен бетпе-бет қалған халықтың экономикалық қажеттіліктеріне жауап беретін күшке ие екендерін атап көрсеткен Давутоғлу бір мемлекеттің мықты болуында тепе-тең азаматтық және ұлттастық сананың маңызына назар аударып «Осы ұлттастық әлсірегенде ғана мемлекеттер тарқап, ыдырай бастайды ма?» деп сұрады және Ирак пен Сирияны мысал көрсетті.
Әл-Акса мешітін ластаған Израильге де үн қатқан Давутоғлу «Абайлаңыз! Сирияда бір қанішер өз халқына зұлымдық жасайды немесе Ислам әлемінде ішкі қақтығыстар болып жатады деп оппортунистік көзқараспен Иерусалим және Әл-Акса мешітіне шабуылдарды жалғастыруды ойламаңдар. Барша үнсіз қарап отырса да Түркия үнсіз қарап тұрмайды» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар