ТРТ-ге жаңа директор

ТРТ Бас директор міндетіне Шенол Гөка тағайындалды.

166304
ТРТ-ге жаңа директор

Түркия Радио Теледидар корпорациясы бас директорлық міндетіне Шенол Гөка тағайындалды.

Қаулы ресми газетте жарияланды.


ТРТ бас директорлық міндетіне Радио Теледидар жоғары кеңесі тарапынан үш кандидат ұсынылды. Ресми газеттегі қаулыға қарағанда, ТРТ Бас директоры Шенол Гөка болды.


Мармара Университетін аяқтаған Шенол Гөка 1986 жылы ТРТ-де жұмыс істей бастады.


2014 жылдың маусым айында ТРТ бас директорының орынбасары міндетіне тағайындалған Шенол Гөка көп жылдар бойы ТРТ Радио департаменті басшысы ретінде қызмет атқарды.


Гөканың 4 кітабы жарияланды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар