Түрік Теңіз әуе қолбасшылығына тиесілі тікұшақ құлады

Апатқа ұшыраған тікұшақтағы 4 қызметкер шәйіт болды.

154571
Түрік Теңіз әуе қолбасшылығына тиесілі тікұшақ құлады

Коджаели Дженгиз Топел Әскери әуежайынан ұшқан соң рация байланысы үзілген Теңіз әуе қолбасшылығына тиесілі Сикорский типи тікұшақтың Коджаели қаласына қарасты Картепе ауданында құлағаны анықталды.
Тікұшақ апатында 4 әскери қызметкер шәйіт болды.
Конья қаласына бару үшін түскі уақытта Дженгиз Топел әскери әуежайынан ұшқан Сикорский типі тікұшақпен қысқа уақыттан соң байланыс үзілді.
Теңіз және Әуе күштері қолбасшылықтарына тиесілі топтарға қоса азаматтық іздеу құтқару топтары да жоғалған тікұшақты құрлық пен әуеден күнімен іздеу жұмыстарын жалғастырды.
Лауазымдылар тікұшақтың қалдықтарының Картепе ауданының Караардычлы аймағында түнгі сағат 23:00-де табылғанын мәлімдеді.
Апатта тікұшақтағы 4 әскери қызметкер шәйіт болды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар