Бингөлде екі адам шәйіт болды

Бингөл Қоғам қауіпсіздігі директоры Аталай Үркерге қарулы шабуыл жасалды.

152698
Бингөлде екі адам шәйіт болды

Бингөлде қарулы шабуыл жасалды.
Шабуылда екі адам шәйіт болды.
Бингөлде Қоғам қауіпсіздігі директоры Аталай Үркер мен қасындағы адамдарға ұзақтан атылатын қарулармен шабуыл ұйымдастырылды.
Қоғам қауіпсіздігі директорының орынбасары Атиф Шахин мен Бас комиссар Хүсейн Хатипоғлұ шәйіт болды.
Қоғам қауіпсіздігі директоры Аталай Үркер мен полиция қызметкері Уғур Атлы жараланды.
Жараланған Бингөл Қоғам қауіпсіздігі директоры Аталай Үркер мен оққағар полиция қызметкері Уғур Атлы Бингөл мемлекеттік емханасында емделіп жатыр.
Аталай Үркер артынан жедел жәрдем ұшағымен Анкараға әкелінді.
Денсаулық министрлігінің арнайы ұшағымен Анкараға әкелінген Бингөл Қоғам қауіпсіздігі директоры Аталай Үркер Нумуне Білім және зерттеу емханасында емделе бастады.
Шабуылшыларды ұстау мақсатымен ұйымдастырылған операцияда 4 террорист өлі қолға түсті.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар