«Ұшуға тыйым салынған аймақ сұраймыз»

Премьер-министр Ахмет Дауытоғлұ Американ телеарнасы СНН-ге сұхбат берді.

150381
«Ұшуға тыйым салынған аймақ сұраймыз»

Премьер-министр Ахмет Дауытоғлұ «Ұшуға тыйым салынған аймақ сұраймыз» деді.

Премьер-министр Ахмет Дауытоғлұ міндетке келгеннен кейін тұңғыш рет бір шетелдік ақпарат органына сұхбат берді.
Премьер-министр Ахмет Дауытоғлұ Американ телеарнасы СНН Интернациональдың танымал хабар жүргізушісі Кристиан Аманпурға сұхбат берді.
Сұхбаттың негізгі тақырыбы Ирак Дамаск Ислам мемлекетінің қаупі және Түркияның осы қауіп алдында қандай саясат қолданатыны болды.
Дауытоғлұ Түркияның Ирак Дамаск Ислам мемлекетіне қарсы ұйымдастырған коалицияға қатысу шарты Сирияда ұшуға тыйым салынған аймақ және қауіпсіз аймақтар құру екенін айтты.
«Ұлттық қауіпсіздігімізге бағытталған қауіп алдында барлық шараларды жасаймыз» деген Дауытоғлұ Ирак Дамаск Ислам мемлекетінен кейін шекараларымыздың қауіпсіз болатынына көзіміз жеткен бір стратегия қалыптастырылса, біз барлық істі істеуге дайынбыз» деп көрсетті.
Премьер-министр Ахмет Дауытоғлұ Түкрияның құрлық жасақтарын Сирияға жолдауы үшін Асад әкімшілігінің нысанаға алынуын да сұрады.
Президент Ердоған мен АҚШ Президентінің орынбасары Джо Байден арасындағы мәлімдемелерге де тоқталған Дауытоғлұ «Америка Құрама Штаттарынан әділ болуды және шынайылық көрсетуді күтеміз» деді.

 


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар