Қауіпсіз аймақ құру талабы қайталанды

Түркия-Сирия шекарасында аралық аймақ құру талабы күн тәртіпке келді.

144315
Қауіпсіз аймақ құру талабы қайталанды

Түркияның Сирия шекарасында қауіпсіз аймақ құру талабы премьер-министрдің орынбасары Булент Арынч тарапынан да күн тәртіпке келді.
Ауғанстанның астанасы Кабул қаласында жаңа елбасы Ешреф Ганидің ұлықтау рәсіміне қатысқан Арынч кеше Түркия өкілетті елшілігінде тілшілердің сұрақтарына жауап берді.
Булент Арынч «Аралық аймақ, қауіпсіз аймақ, аты не болғанына қарамай, Түркия адамдардың көшуін тосу мақсатымен түрліше шараларды қолдануға мәжбүр» деп көрсетті.
Ирак пен Сирия құжаттарына байланысты көзқарастарын жариялаған Арынч «Екі құжатта да Түркия өзінің амандығы үшін барлық шараларды қолданады. Сол себепті құжаттың маңызы ерекше және басқа құжаттардан мығым болмақ» деді.
Түркияның қайсы діннен, қайсы сектадан, қайсы нәсілден болғанына қарамай, келгендердің барлығына есігін ашқанын атап айтқан Арынч «Алайда әр нәрсенің де бір шегі бар» деп көрсетті.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар