"Қақтығыс аймақтарында түрік дипломаттарды десанттар қорғайды"

Министрлер кабинеті жиналысынан маңызды шешімдер шықты.

135091
"Қақтығыс аймақтарында түрік дипломаттарды десанттар қорғайды"

Министрлер кабинеті премьер-министр Ахмет Давутоғлу басшылығында кеше Анкарада бас қосты.


Жиналыста Мосул бас консулдығы қызметкерлері мен отбасыларының құтқарылуына байланысты мәлімет берілді. Айырықша Түркияға қашып келген сириялықтардың жағдайы мен қолданылатын шараларға тоқталды.


Жиналыстан кейін вице-премьер Бүлент Арынч хабарлама жасап, Мосулдағы кепілге алынған азаматтардың қалай құтқарылғанын айтты.


Арынч Түркияның лаңкестік ұйымға қарсы қатал ұстаным алып-алмайтыны жөніндегі сұрақтарға да жауап берді.


Вице-премьер қалай деп аталса да, террор ұйымдарымен күрес тақырыбында Түркияның қолынан келгенді атқаратынын білдіріп, «Бірақ істің аяғын ойлап жасау керек. Түркия пайдасы мен зияны қандай, соны біле отырып, атқарады» деді.


Вице-премьер кепілге алынған азаматтардың айырбастау арқылы құтқарылғаны туралы хабарларды жалғанға шығарды, бұдан былай қақтығыс болған аймақтарда түрік өкілдерін арнайы десанттардың қорғайтынын айтты.


Солтүстік Ирактан келген босқындар тобы да Министрлер кабинетінің күн тәртібінде болатын. Вице-премьер Арынч сенімді аймақ ережесінің БҰҰ-ның шешіміне байланысты екенін білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар