«ТРТ мен АА – Түркияның әлемдегі өкілі»

Вице-премьер Ялчын Акдоған ТРТ Хабар арнасының қонағы болды.

120554
«ТРТ мен АА – Түркияның әлемдегі өкілі»

Түркияның жаңа үкіметінде ТРТ, Анадолы агенттігі, Баспасөз информация дирекциясы, Радио Теледидар жоғары кеңесіне жауапты вице-премьер ретінде тағайындалған Ялчын Акдоған кеше ТРТ Хабар арнасының қонағы болды.


Акдоған өзіне қарасты мекемелер туралы мәлімет бере келе, күн тәртібіндегі маңызды тақырыптарға тоқталды.


Акдоған ТРТ мен АА туралы «Тек ұлттық емес, халықаралық салада Түркияның өкілі» деді.


Вице-премьер Акдоған президенттік сайлау және Әділет және даму партиясындағы міндет өзгерісі процесінің табысты өткенін айтып, президент пен премьер-министрдің үйлесімді ісінің Түркияны асқақтататынын атап көрсетті.


Ялчын Акдоған террордың жойылуы үдерісіне де тоқталды, құқықтық күрестің де жалғасатынын айтты.


Жаңа атазаң дайындау жөнінде болса «Бұл қоғамның күткен тақырыбы, атқарылуы керек» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар