Түркия Украинада құрметті консулдық ашты

Түркия консулдығы Харьков қаласында ашылды.

115025
Түркия Украинада құрметті консулдық ашты

Кеше Украинаның шығысындағы Харьков қаласында өткен беташарға Түркияның Киевтегі өкілетті елшісі Джан Йөнет Тезел, Түркияның Харьков құрметті бас консулы Владимир Белый, Харьков әкімі Игорь Балута мен жергілікті басшылар, университет ректорлары, іскерлер мен баспасөз қызметкерлері қатысты.


Киев өкілетті елшісі Джан Йөнет Тезел құрметті консулдықтың өз аймағында алдымен азаматтарға, іскерлерге көмектесу, қиыншылықтарды шешуге көмектесу және әсіресе Украина мен Түркия арасындағы экономикалық және сауда қатынастарын жетілдіру үшін маңызды екенін айтты.


Тезел консулдықтың «толық өкілетті дипломатиялық өкілдік» емес, қатынастардың жетілдірілуі деп атады.


«Украина біз үшін әрі дос, әрі стратегиялық серік. Сондықтан Украинаның қазіргі мәселелі кезеңінің өтіп кетуін тілейміз. Сонымен бірге біздің мүдделеріміз қабысады. Украинаның әлеуеті жоғары. Дұрыс саясат, дұрыс басқарумен проблемаларын шешеді деп сенеміз» деді ол.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар