Президент Р. Ердоған бүгін СКТР-на барады

Түркияның 12-ші президентінің екінші аялдамасы болса дос және бауырлас ел Әзірбайжан.

109859
Президент Р. Ердоған бүгін СКТР-на барады

Президент Ердоғанның президент ретінде алғашқы сапары өте тығыз. Ердоған бүгін түскі мезгілде Солтүстік Кипр Түрік Республикасында болады.


Алдымен Др. Фазыл Күчүк және құрушы президент Рауф Денкташтың қабірлеріне баратын Ердоған үшін президенттік сарайында ресми қарсы алу рәсімі ұйымдастырылады.


Президент Ердоған СКТР президенті Дервиш Ероғлумен оңаша кездескеннен кейін ортақ баспасөз мәслихатын өткізеді.


Кипр Түрік бейбітшілік күштері қолбасшылығы мен Бұғаз шәйіттігіне де баратын президент Ердоған кешке осы елден аттанып кетеді.


Түркияның 12-ші президентінің екінші аялдамасы болса дос және бауырлас ел Әзірбайжан.


3 қыркүйек күні Бакуге баратын Ердоған әріптесі Илхам Алиевпен жол-қатынас және отын-энергия жобаларын қолға алады.


Ердоған осында Түркия мен Еуропаға табиғи газ айдайтын Шахтеңіз жобасының іргетасын қалау рәсіміне қатысады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар