Түркия бүгін ерекше оқиғаға куә болып отыр

Президент Ердоған мәжілісте ант ішті.

106471
Түркия бүгін ерекше оқиғаға куә болып отыр

Бірінші рет халық тарапынан сайланған президент Режеп Таип Ердоған Мәжілісте ант ішті.


Мәжіліс төрағасы Жемил Чичек арнайы отырысты ашқаннан кейін Ердоғанды залға шақырды. Президенттік құжатын алғаннан кейін Ердоған ант ішті. Артынан Ұлттық әнұран шырқалды.


Мәжілістен әскери рәсіммен шығарып салынған президент Ердоған Аныткабірге барды.


Сарайдағы рәсім үшін А типті жоғары деңгейдегі мемлекеттік протокол жүргізіледі. Ердоғанды Чанкаяда атты жасақтар қарсы алады. Артынан бұрынғы президент Гүл қарсы алады.


Екі басшы оңаша бас қосқаннан кейін қонақтардың жанына барады. Осында Ұлттық әнұран шырқалып, президенттердің өмірбаяндары оқылады. Артынан президенттер бір-бір сөз сөйлейді.


Баяндамалардан кейін Чанкая сарайының жаңа иелері Ердоған жұбы Гүл жұбын шығарып салады.


Артынан Ердоған қонақтардың құттықтауларын қабылдайды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар