Бүгін- Түркия үшін ерекше күн

Бүгін бірінші рет халық тарапынан сайланған президенттің ұлықтау рәсімі өтеді.

105853
Бүгін- Түркия үшін ерекше күн


Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде сағат 14-те болатын ұлықтау рәсімі бұдан бұрынғы рәсімдерден өзгеше.


Сайланған президент Ердоған мәжілісте әскери рәсіммен қарсы алынады.


Мәжіліс төрағасы Жемил Чичек жалпы отырысты ашқаннан кейін Ердоғанды шақырады.


Президент Ердоған Мәжіліс төраға орынбасары Айшенұр Бахчекапылымен бірге залға кіреді. Құжат тапсыру рәсімінен кейін Ердоған ант ішеді.


Рәсімге 19 елдің президенті, төрт елдің мәжіліс төрағасы, 14 елдің премьер министрі қатысады.


Ердоған ант ішкеннен кейін Ұлттық әнұран шырқалады, артынан Ердоған мәжілістен шығады.


Мәжілістен шыққан Ердоған алдымен Анытқабірге барып, артынан Чанкая сарайына шығады.


Сарайдағы рәсім үшін А типті жоғары деңгейдегі мемлекеттік протокол жүргізіледі. Ердоғанды Чанкаяда атты жасақтар қарсы алады. Артынан бұрынғы президент Гүл қарсы алады.


Екі басшы оңаша бас қосқаннан кейін қонақтардың жанына барады. Осында Ұлттық әнұран шырқалып, президенттердің өмірбаяндары оқылады. Артынан президенттер бір-бір сөз сөйлейді.


Баяндамалардан кейін Чанкая сарайының жаңа иелері Ердоған жұбы Гүл жұбын шығарып салады.


Артынан Ердоған қонақтардың құттықтауларын қабылдайды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар