Түркия Иракта 4 мың шатыр құрады

Лагерь БҰҰ стандарттарында болады.

104283
Түркия Иракта 4 мың шатыр құрады

Ирактың Духок қаласында құрылатын 4 мың шатырда 20 мың адам тұратын болады.


Премьер-министрлік Апат және төтенше жағдай басқармасы Жақсарту департаменті төрағасы Абдуллах Дилсиз пен қасындағы делегация Ирактың Духок қаласында құрылатын босқын лагерінің жұмыстарын тексерді.


Лагерьдегі шатырларда түрлі құралдармен қоса тоңазытқыш пен салқындатқыш та болады. Шатырлардың әрқайсысына 5 адам сыяды. Шатырларға электр қуаты берілетінін білдірген Дилсиз лагерьге әжетхана мен монша да құрылатынын айтты.


Лагерь БҰҰ стандарттарында болады.


Дилсиз: «Лагерь құрылатын алаң түрікмен басшылармен ақылдасып анықталды. Себебі түрікмендер төңіректегі қоныстарда қонақ болып тұрып жатыр. Біз бірінші түрікмендерді қабылдаймыз, бірақ көмек керек адамдарды да кері қайтармаймыз. Түрік қонақжайлығын көрсетеміз.» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар