Президент Гүл қоштасты

Гүл халыққа арнап қоштасу жариялады.

103091
Президент Гүл қоштасты

Президенттік лауазым мерзімі 28 тамыз күні аяқталатын президент Гүл халыққа арнап қоштасу жариялады.


Гүл жолдауында «Ұлттық ерік-жігердің өкілі, ұлы Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі тарапынан президент болып сайланған міндетім барысында алдымен Чанкаяның қақпасын халыққа айқара аштым. Мемлекет пен ұлтты жақындастырдым. Атазаңды орындау және мемлекеттік органдар арасында үйлесімділікті қамдау міндетімді лайықты түрде орындауға тырыстым» деді.


Саяси көзқарасына қарамастан бейтараптығын сақтағанын білдірген Абдуллах Гүл шетелдерде де мемлекет пен ұлттың атына, күшіне және абыройына сай қозғалғанына сенетінін айтты.


«Мемлекеттік органдар мен қоғамымызға бағытталған сөздерімде демократиялық, зайырлы, әлеуметтік құқық мемлекеті болудың қажеттіліктеріне сай болуды талап етіп отырдым» деді ол.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар