Бүгін Министрлер Кеңесі отырысы өтеді

Отырыста жаңа үкіметті құру жоспарлары да талқыланады

102098
Бүгін Министрлер Кеңесі отырысы өтеді

61-ші үкіметтің соңғы Министрлер Кеңесі отырысы премьер-министр Эрдоғанның төрағалығымен бүгін соңғы рет жиналады.
Премьер-министрлік ғимаратында болатын жиналыста күн тәртібіндегі мәселелермен қатар жаңа үкіметті құру жоспарлары да талқыланатын болады.
28 тамызда премьер-министрлік қызметінен кететін Эрдоған соңғы рет Министрлер Кеңесі отырысына төрағалық қылады.
Әділет пен Өркендеу партиясының басшысы үміткері ретінде жарияланған Ахмет Давутоғлу да Министрлер Кеңесі отырысына соңғы рет сыртқы істер министрі ретінде қатысатын болады.
Түркияның 26-шы премьер-министрі үміткері Давутоғлу басқаратын 62-ші үкіметті құру жоспарлары да Министрлер Кеңесінде талқыланады деп күтілуде.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар