Ердоған мен Әл-Мерзуки телефонда әңгімелесті

Әңгіме барысында Газадағы жағдай қолға алынды

101378
Ердоған мен Әл-Мерзуки телефонда әңгімелесті

Премьер-министр Режеп Таип Ердоған Тунис президенті Мунсиф Мерзукимен телефонда әңгімелесті.
Екі басшы арасындағы телефон әңгімесі барысында Газадағы соңғы жаңалықтар мен аймақ халқына жәрдем мәселелерін қолға алды.
Премьер-министр Режеп Таип Ердоғанның аймақта тыныштық пен бейбітшіліктің тек қана әділ бір келісіммен қамтамасыз етіле алатынына назар аударып, тараптардың уақыт өткізбей қайта келіссөздерді бастау үшін халықаралық қоғамның ортақ күш жұмсау керектігін меңзегені білдірілді.
Тунис елбасы Әл-Мерзуки болса алдағы кезеңде палестиналықтарға жәрдем мақсатты Газаның достары атымен бір жиналыс ұйымдастыруды жоспарлағандарын түсіндірді.
Ердоған мен Әл Мерзукидің қыркүйек айында Біріккен Ұлттар Ұйымы Жалпы Кеңесі арқылы Нью-Йоркта кездесу тақырыбында келіскендері де атап көрсетілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар