Әділет пен Өркендеу партиясы атқару комитетінің жиналысы аяқталды

Әділет пен Өркендеу партиясының жаңа басшысы - Ахмет Давутоғлу

99006
Әділет пен Өркендеу партиясы атқару комитетінің жиналысы аяқталды

Премьер-министр Эрдоған Әділет пен Өркендеу партиясының жаңа басшысы болуға үміткер есімді жариялады.
Жиналыстан кейін партия мүшелері алдында сөз сөйлеген Эрдоған Әділет пен Өркендеу партиясында барлық шешімдердің ақылдаса отырып алынатынын айтты және партияның облыс комитеттері, депутаттармен жеке-жеке өткізген жиналыстарда үміткерлерді жан-жақты талқылағандарын білдірді.

Жаңа басшының жаңа Түркияны гүлдендіру үшін күш жігер салатынына сенімді екеніне назар аударған Эрдоған үміткерді егжей-тегжейлі талқылаулардан кейін белгілегендерін айтты.

Сөзінің соңында Эрдоған Әділет пен Өркендеу партиясының жаңа басшысы үміткері сыртқы істер министрі, Конья облысынан депутат Ахмет Давутоғлу екенін мәлімдеді және 28 тамызда болатын партияның төтенше конгресінде премьер-министр болып сайланатынын білдірді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар