Сыртқы істер министрі Газаға жәрдем беру жоспарларын айтты

Давутоғлу: «Газалық жаралылар үшін әуе көпірі құруды қалаймыз»

82701
Сыртқы істер министрі Газаға жәрдем беру жоспарларын айтты

Сыртқы істер министрі Ахмет Давутоғлу кеше жеке бір телеарнада елдің күн тәртібіне байланысты сұрақтарға жауап берді.
Түркияның Газадағы жаралыларды әкелу үшін әуе жолы ашуды ойластырып жатқандарын айтқан Давутоғлу «Ауыр жаралыларды алып келу үшін жедел жәрдем ұшақтарынан құралған бір әуе флотын жібергіміз келеді» дей келіп, осы мәселеде қиындықтар бар екенін де жасырған жоқ.
Біріншісі «Газа ішіндегі жаралылардың әуежайға апарылуы» деген Давутоғлу екінші проблеманың да «Мысыр немесе Израильдің әуежай беруі керектігі» екенін айтты. Давутоғлу осы мәселеге орай келіссөздер жүргізіп жатқанын және егер келісім жасалатын болса Денсаулық министрлігі қызметкерлерінің тез арада аймаққа баратындарын білдірді.
Атысты тоқтатуды ұзарту мәселесінде де күш жігер салып жатқандарын айтқан Давутоғлу аймақта ең қажет нәрсенің су мен электр екеніне назар аударды.
Давутоғлу 2009 және 2012 жылдардағы ХАМАС-Израиль соғыстарына да куә болғанын білдіре отырып, «Израильді ең көп шығынға ұшыратқан, халықаралық аренада беделін түсірген соғыс осы соғыс болды» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар