Шетелде дауыс беру басталды

Президент сайлауы үшін шетелде дауыс беру алғашқы боп Австралияда басталды

74992
Шетелде дауыс беру басталды

Шетелде тұратын Түркия азаматтары бірінші рет президент сайлауында дауыс беру үшін өздері тұратын елдерде дауыс беретін болады. Австралияның Мельбурн қаласындағы St. Kilda City Hall-да жергілікті сағатпен 08:00-да дауыс беру басталды.
Түркия Жоғарғы Сайлау комитетінің шешімімен Германия, Бельгия, Дания, Франция, Голландия, Израиль, Италия, Солтүстік Кипр Түрік республикасы, Ливан, Норвегия, Румыния, Саудия Аравиясы мен Түрікменстанда бірінші тур үшін дауыс беру 31 шілде-3 тамыз арасында болады.
Канада, Австралия мен Ресейде дауыс беру 31шілде-2 тамыз, Болгария мен Қазақстанда 1-3 тамыз арасында өтеді.
Сайлау жәшіктері қойылатын елдер мен дауыс беру күндері төмендегідей белгіленді:
Австрия, Грекия, Алжир, Ұлыбритания, Щвейцария, Жапония, Катар, Қырғызстан, Венгрия мен Македонияда - 2-3 тамыз, Қытайда - 31 шілде, Біріккен Араб әмірліктерінде 2 тамыз, Албания, Әзірбайжан, Бахрейн, Босния-Герцоговиния, Чехия, Финляндия, Оңтүстік Африка, Грузия, Иран, Ирландия, Испания, Косово, Кувейт, Мысыр, Өзбекстан, Польша, Судан, Тунис, Украина, Оман, Иордания мен Жаңа Зеландияда - 3 тамыз.
Шетелдегі сайлаушылар аудиенция алу арқылы өзі белгілеген бір күнде дауыс қолдана алмаған жағдайда 10 тамызға дейін кеден қақпаларында дауыс бере алады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар