Ихсаноғлу Түркияның бірлікті аңсайтынын айтты

Президент лауазымына кандидат Ихсаноғлу Стамбулда сайлаушылармен кездесті.

69368
Ихсаноғлу Түркияның бірлікті аңсайтынын айтты

Президент лауазымына кандидат Екмеледдин Ихсаноғлу Түркияның бірлік болуды армандайтынын атап көрсетті.


Сайлау науқаны аясында кездесулерін Стамбулда жалғастырған Екмеледдин Ихсаноғлу алдымен Мысыр базарын аралады, кешке Есенлер ауданындағы ауызашарға қатысты.


Ауызашарға Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төраға уәкілі Мерал Акшенер, кейбір депутаттар қатысты.


Ихсаноғлу ауызашардағы сөзінде президенттік сайлаудың маңыздылығын атап көрсетті.


«Түркия президенттік сайлауда елді біртұтас қып ұстайтын, тұтастығын сақтап қалатын, мемлекетті нығайтатын, өз саяси көзқарасын әркімге тыққыштамайтын, саяси партияларды бөле жармайтын, баршаны құшақ жая қарсы алатын кандидатты таңдайды» деді ол.


Ихсаноғлу Қадір түнінің бүкіл Түркия мен Ислам әлеміне тыныштық алып келуін тіледі.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар