Диярбакырда жанармай танкері апатқа ұшырады

70 адам түрлі жарақат алды

66520
Диярбакырда жанармай танкері апатқа ұшырады

Диярбакырдың Лиже ауданында жолдан шығып кеткен жанармай таситын танкер аударылып, жарылды.
Жанған танкерден шыққан от жалыны сол кезде жолда кетіп бара жатқан 2 жолаушы автобусы мен автокөлікке де шашырады.
Бірден алаулаған көліктердегі 70 адам түрлі жарақаттар алды.
Жаралылардың 20-ның жағдайы ауыр екені білдірілді.
Оқиғаға байланысты аймаққа басқа облыс пен аудандардан жедел жәрдем және өрт сөндіру көліктері жіберілді.
Жаралылар апарылған Дижле университетінің ауруханасында төтенше жағдай жарияланды.
Жаралыларды жатқызу үшін реанимация бөлмелеріне қосымша көйкелер қойылды. Кейбір жаралылар алғашқы жәрдемнен кейін күйік бөлімдері бар Малатья, Батман мен Элазығтағы ауруханаларға жіберілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар