Давутоғлу Израиль шабуылдарын айыптады

Давутоғлу: «Израиль бұл үшін жауап беретін болады»

66052
Давутоғлу Израиль шабуылдарын айыптады

Түркия сыртқы істер министрі Ахмет Давутоғлу Израильдің Газаға шабуылына орай «Израиль қаншама зұлымдық жасаса да көздеген мақсаттарына жете алмайды. Әділет үшін көтерілген халықтан күшті ешқандай күш жоқ»- деді.
Коньялықтардың 9-шы бас қосуына қатысқан Ахмет Давутоғлу «Бұл Рамазан айында көңіліміздің жартысы Газада, жартысы да Сирия мен Иракта қалды» дей келіп, Газаға шабуылдар басталған күннен бастап бейбіт келіссөз үшін күш жігер салып жатқанын білдірді. Газа халқының жігерлі екенін еске салған Ахмет Давутоғлу «Олар әр түрлі шабуылға душар қалып отырса да мойынсұнбай отыр, бастарын иіп отырған жоқ»-деді.
«Бұл залымдар ақыретте де, бұл дүнияда да жауап беретін болады» деген Давутоғлу «Сабырмен, адым-адым төселген бұл тастар үстінде халық иық тиістіріп мұның есебін сұрайтын болады. Таяу Шығыс халқы отарлаушыларға қалай қарсы шыққан болса, өз ішінен шыққан залымдар мен Израильдің қолымен осы зұлымдықты жасап отырғандардан есебін сұрайтын болады»-деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар