Ислам ғұламалары Ыстанбұлда

Президент Абдуллах Гүл жиынға қатысып, өз пікірін білдірді

133508
Ислам ғұламалары Ыстанбұлда

Президент Абдуллах Гүл Ислам әлемі душар болып отырған қақтығыстардың надандықтың және дұрыс билік жүргізу болмауының кесірінен екенін айтты.
Абдуллах Гүл Ыстанбұлда Түркия Дін Істері басқармасы ұйымдастырғңан «Ислам ғұламалары бейбітшілік, парасаттылық пен ұстамдылыққа шақырады» атты жиналысқа қатысты.
Абдуллах Гүл барлық қауымның тез арада ақылға келіп, қате әрекеттер жасамауы керектігін білдірді.
Президент жиналысқа қатысқан ислам ғұламаларына «ақиқатты сөйлеуден қорықпаңыз» деді.
32 елден келген ислам ғалымдары Ыстанбұлда 3 күн бойы мұсылман әлемінде болып жатқан проблемаларды талқылайтын болады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар