Президент Абдуллах Гүл соңғы ресми сапарын СКТР-на жасайды

Президент Абдуллах Гүлдің қызмет мерзімі 28 тамыз күні аяқталады

132776
Президент Абдуллах Гүл соңғы ресми сапарын СКТР-на жасайды

Түркия Республикасының 11-ші президенті ретінде тұңғыш сапарын Солтүстік Кипр Түрік Республикасына (СКТР) ұйымдастырған Абдуллах Гүл 28 тамыз күні аяқталатын міндет мерзімінің соңғы ресми сапарын тағы СКТР-на жасайды.
Президент Гүл Солтүстік Кипр Түрік Республикасы президенті Дервиш Ероғлуның шақыруымен 19 шілде күні аралға екі күндік ресми сапар ұйымдастырады.
Президент Гүл Кипр түріктерінің тыныштық пен қауіпсіздігін қамтамасыз еткен 20 шілде Бейбітшілік қозғалысының 40-шы жылдығы іс-шараларына қатысады.
Президент Абдуллах Гүл Түркия Республикасының 11-ші президенті ретінде 2007 жылы тұңғыш ресми шетел сапарын Солтүстік Кипр Түрік Республикасына ұйымдастырған болатын.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар