Кандидат Ихсаноғлуна қолдау берген партия саны 7-ге көтерілді

Ихсаноғлу сайлау науқаны аясында кеше Газиантеп қаласына барды

132343
Кандидат Ихсаноғлуна қолдау берген партия саны 7-ге көтерілді

Президенттік сайлаудың кандидаты Экмеледдин Ихсаноғлу сайлау науқаны аясында кеше Газиантеп қаласына зиярат жасады.
Ихсаноғлу Газиантепте баспасөзге жасаған мәлімдемесінде өзіне қолдау берген партия санының 7-ге ұласқанын айтты.
Ихсаноғлу Республикашыл халық партиясы, Ұлтшыл қозғалыс партиясы, демократиялық солшыл партия, Демократия партиясы, Тәуелсіз Түркия партиясы және Либералды демократ партияның артынан Ұлы бірлік партиясының да өзіне қолдау бергенін жариялағанын білдірді.
Ұлы бірлік партиясының мәлімдемесін партия басшысы Мұстафа Дестиджиның жасағанын атап айтқан Ихсаоғлу өзіне қолдау берген партия санының алдағы уақытта 8-ге көтерілетінін атап көрсетті.
Ихсаноғлу мәлімдемесінде Газиантептегі босқындарды да ұмытпады.
Түркияны паналаған сириялықтардың жан қорқуымен келгенін атап айтқан Ихсаноғлу «Ол адамдар әрі күнәсіз, әрі иесіз» деді.
Көршілік құқынада назар аударған Ихсаноғлу «Осы көршілік құқық мәдениетімізде де, дінімізде де бар. Сондай-ақ бейшара күйде иесіз қалған, өліммен қорқытқан, жандарынан айырылуды назарға алып осында келген» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар