Президент Абдуллах Гүлдің мәлімдемесі

Абдуллах Гүл Таяу Шығыста қақтығыстарды тоқтатуға шақырды

125891
Президент Абдуллах Гүлдің мәлімдемесі

Президент Абдуллах Гүл жазбаша мәлімдемесінде Таяу Шығыс пен әлемнің басқа жерлерінде де ушығып бара жатқан қақтығыстардың алаңдаушылық туғызып отырғанын білдірді.
Израильдің Газаға шабуылын айыптаған Абдуллах Гүл тараптарды көп кешікпей тұрып тез арада дипломатия, диалог және саяси механизм жолдарын қолдануға шақыра отырып, мәселені Біріккен Ұлттар Ұйымы мен аймақтық форумдар арқылы шешу керектігін айтты.
«Олай болмаған жағдайда бұл қақтығыстардан барлық жақтар да зардап шегетін болады» деген Абдуллах Гүл тараптарды жауапкершілікпен әрекет жасауға шақырды.
Мәлімдемесінде саяси жолдар табу керектігіне де тоқталып кеткен президент «Израиль әуе шабуылдарын тоқтатуы керек. 2012-жылы жарияланған оқ атуды доғару келісімінің шарттарын орындауы керек» деді.
Иракта жаңа үкімет құрылуы үшін саяси актерлердің белсенділік танытуы керектігіне назар аударған президент Гүл «Мемлекеттік бірлікке қол жеткізу негізгі мақсат болу керек. Тараптар мәзхәптік немесе этникалық көзқарастардан арылу керек» деді. Абдуллах Гүл Иракта кепілдікке алынған түрік азаматтарының еркіндікке жіберілуін де талап етті.
Абдуллах Гүл өз мәлімдемесінде «Қасиетті Рамазан айына жараспайтын саяси қақтығыстардың нәтижесінде қаза тапқандарға, араларында әйелдер мен балалар да бар жазықсыз шәйіттердің жанұяларына көңіл айта отырып, жаралылардың тез арада сауығуын тілеймін» -деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар