Ердоған шетел ақпаратында

Премьер-министр Ердоғанның елбасы үміткерлігі шетел ақпаратында басты хабар болды.

114380
Ердоған шетел ақпаратында

Премьер-министр Режеп Таип Ердоғанның Әділет және өркендеу партиясы тарапынан елбасы үміткерлігіне көрсетілуі шетел ақпаратында басты жаңалық болды.
Әлемдегі басты газеттер Ердоғанның үміткерлігін бірінші хабар ретінде берді.
Рейтер хабар агенттігі премьер-министр Режеп Таип Ердоғанның тіпті күшті бір елбасы ролі үшін үміткерлігін жариялағанын жазды.
Француз хабар агенттігі АФП Ердоғанның екі кезек елбасылық міндетін атқаруы мүмкін екенін және бұлай болғанда Мұстафа Кемал Ататүріктен кейін ең ұзақ уақыт лидер болған саясатшыға айналатынын дәріптеген.
Неміс Der Spiegel журналы елбасы үміткері болған Ердоғанның ұзақ жылдай бойы түрік саясатының шыңында тұратынын білдірген.
Ағылшын хабар арнасы ББС премьер-министр Режеп Таип Ердоғанның үміткерлігі хабарында Әділет және өркендеу партиясының осының алдында 6 мәрте сайлаудың жеңімпазы болғанын атап көрсеткен.
Ел Жазира телеарнасының хабарында елбасының Түркияда символьдік маңызға ие екенін, алайда Ердоғанның халық тарапынан сайлануымен бұл мәртебенің тіпті көлемді билікке жетуі керектігін білдірген.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар