Сомали халқынан Түркияға алғыс

Премьер-министр Стамбұлда Глобал Сомали диаспорасын қабылдады

103542
Сомали халқынан Түркияға алғыс

Галич Конгресс Орталығында жүзеге асқан қабылдау кезінде делегация премьер-министр Ердоғанға халқының атынан хат табыс етіп, алғысын білдірді.
Хатта «Сапарыңыздан 3 жыл өтті, Сомалидің жағдайы қазір одан жақсы бір сатыға көтерілді. Бұл сіздің батылдық танытқан сапарыңыздың арқасы» делінді.
Түркия жәрдемдерінің Сомалидің дамуына үлес қосқанына назар аударған хатта Түрік әуе жолдарының Сомалиді әлемнің жан-жағымен байланыстырған халықаралық жалғыз әуе жолы компаниясы, Түркия елшілігі болса Могадишо орталығындағы жалғыз елшілік екені атап көрсетілді.
Хатта премьер-министр Ердоғанның бауырлас түрік және Сомали халқын бір-бірімен байланыстырған басшы ретінде еске алынатыны де атап көрсетілді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар