Ұлыбритания елшісі қонақасы берді

Ұлыбританияның Анкарадағы елшісі Ричард Мур мен жұбайы ханшайым 2-ші Елизабетаның туған күні құрметіне қонақасы берді.

101413
Ұлыбритания елшісі қонақасы берді

Ұлыбританияның Анкарадағы жаңа өкілетті елшісі Ричард Мур мен жұбайы Ұлыбритания ханшайымы 2-ші Элизабетаның 88 жасқа толуы құрметіне қонақасы берді.

Қонақасыда әскери, саяси, бюрократтық және дипломатиялық саладан көптеген жоғары дәрежелі қонақ елшілік бақшасында бас қосты.
Қазына министрі Мехмет Шимшек қонақасыға құрметті қонақ ретінде шақырылды.
Мехмет Шимшек түрік үкіметі атынан ханшайымның туған күнін құттықтады. Экономикалық қарым-қатынастардың жетілдірілуі үшін қақпалардың үнемі ашық тұратынын айтты.
Ұлыбританияның Анкарадағы жаңа өкілетті елшісі Ричард Мур сириялық босқындарға берген жәрдемдері үшін Түркияны құттықтады.
Елші Ричард Мур «Иракта кепілге ұсталған түрік азаматтардың дереу босатылуын үміт етеміз. Сомада болған кен апатынан әсерге ұшырағандарға шынайы тілектерімді жеткіземін» деді.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар