Ирактағы түрік жұмысшылар Түркияға әкелінді

Неджеф қаласындағы 113 жұмысшы Түркияға келді

95107
Ирактағы түрік жұмысшылар Түркияға әкелінді

Сыртқы істер министрлігі Ирактағы азаматтарымыз үшін тығыз дипломатиялық жұмыстарын жалғастыруда.
Неджефтегі 113 жұмысшының Ирак мекемелерінен тиісті рұқсаттар алынып, елге оралуы қамтамасыз етілді.
Сыртқы істер министрлігі жасаған жазбаша мәлімдеме арқылы Ирактағы азаматтарымыздың эвакуациялануына қатысты мағлұмат берілді.
Мәлімдемеде алдымен «Мосул бас консулдығымыз қызметкері және Мосулдың Геяра ауданында ұсталған 31 жүк көлігі жүргізушісінен тұратын азаматтарымыздың да елімізге ең қысқа уақытта, аман-есен оралуы мақсатымен қажетті шаралар жалғастырылуда» делінді.
Ирактың Неджеф қаласындағы 113 жұмысшының эвакуациялануы үшін Ирак мекемелерінен тиісті рұқсаттар алынғаны атап көрсетілді.
60 жұмысшының виза мерзімдерін өткізуі себепті төлеуге тиісті жаза, Бағдат өкілетті елшілігінің бастамасымен жойылып, жұмысшылардың елге оралуы қамтамасыз етілді.
Министрлік сондай-ақ Мосул, Керкүк, Селахаттин, Дияла, Анбар және Бағдаттағы азаматтарымыздың ең қысқа уақытта аталмыш қалалардан шығуын, осы уәлаяттарға саяхат жасамауларын ұсынды.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар