Шетелдегі азаматтар дауыс береді

Шетелдегі 2 миллион 750 мың түрік азаматы елбасылығы сайлауында дауыс береді.

85682
Шетелдегі азаматтар дауыс береді


Елбасылығы сайлауында шетелдегі азаматтарымыз да дауыс береді.
2 миллион 750 мың шетелдік азамат үшін бір жаңалық.
Елбасылығы сайлауында шетелдегі азаматтарымыз тұңғыш рет тұрған жерлерінде дауыс береді.
Түркияда тұңғыш реті халық дауысымен өткізілетін елбасылығы сайлауы үшін 56 елде, 118 өкілдікте дауыс беру сандығы орнатылады.
Шетелдердегі сайлаушы азаматтар Түркиядағы сайлау алдында 4 күн бойынша дауыс береді. Алайда Жоғарғы сайлау кеңесі 500-ден аз сайлаушы бар елдерге сандық қоймайды. Сол себепті 500-ден көп сайлаушы бар 56 елде дауыс беру сандығы орнатылады.
Кеден қақпаларындағы дауыс беру жұмыстары да жалғасады.
Сайлаушы көп болған елдерде бірнеше дауыс беру орталығы құрылады.
Германияда 7, Америка Құрама Штаттарында 6, Францияда 5 дауыс беру сандығы орнатылады.
Шетелдерде 2 миллион 750 мың 820 түрік азаматы дауыс береді. Бұлардан 1 миллион 380 мың 903 адам Германияда дауыс қолданады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар