Маусым Эрдоған үшін қауырт айлардың бірі болады

Премьер-министр Эрдоған Еуропа турына шығады

84495
Маусым Эрдоған үшін қауырт айлардың бірі болады

Әділет пен Өркендеу партиясының президент үміткері үшін халықтан қолдау сұрау мақсатымен премьер-министр Эрдоған жақынды Австрия мен Францияға барады.
Әділет пен Өркендеу партиясы президент үміткерін осы айдың аяғына таман жариялайтын болады.
Ол мәлімдемеден бұрын премьер-министр Эрдоған Еуропа турына шығады.
19-20 маусымда Австрияға баратын премьер-министр Эрдоған 20-21 маусымда да Францияға барады.
Премьер-министр Эрдоғанның түрік диаспорасы тығыз орналасқан Голландия мен Бельгияда баруы күтіліп отыр.
Премьер-министр Эрдоған осы сапарларында президент сайлауында Әділет пен Өркендеу партиясының үміткеріне қолдау сұрайтын болады.
Премьер-министр осы ай ішінде республика көлемінде де түрлі облыстарды зиярат ететін болады.
Сонымен қатар премьер-министр Эрдоған апта ішінде Иран президенті Руханимен Анкарада кездесетін болады.


Этикеттер:

Ұқсас жаңалықтар